"Шын мәнінде, еліміз аман болса, жеріміз бүтін, бірлігіміз бекем, мемлекеттігіміз мәңгі болады. Осы құндылықтарды мызғымастай етіп бекіту – қазақтың перзенті, Қазақстанның Президенті ретіндегі менің қасиетті парызым", – деді Президент.
Мемлекет басшысы елдің өзіне артқан сенімін абыроймен атқаратынына сенім білдірді.
"Ашығын айтқанда, қызмет – уақытша, ал халық – мәңгі. Мен президенттік миссиямды халқыммен бірге алдағы жеті жылда абыроймен атқарып шығамын деп сенемін. Біздің Отанымыз – бір, мемлекетіміз – бір, халқымыз – бір! Сондықтан әрқашан бірге болайық, ағайын!
Еліміз өсіп-өркендей берсін! Отанымыз – Қазақстан Республикасы жасасын! Халқымыз жасасын! Халқымыз әрқашан аман болсын! Тәуелсіз Қазақстанымыз жасасын!", – деп түйіндеді Қасым-Жомарт Тоқаев.