Мемлекет басшысы Ұлттық банктің жылдық есебін қабылдады

273

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ақордада өткен кеңесте Ұлттық банктің 2024 жылы атқарған қызметі туралы есеп берілді.

Мемлекет басшысы Ұлттық банктің жылдық есебін қабылдады Фото: Ақорда

Мемлекет басшысына макроэкономикалық ахуал, ақша-несие саясатының негізгі көрсеткіштері, қаржы жүйесінің жай-күйі, халықаралық резервтер, БЖЗҚ мен Ұлттық қор активтері туралы баяндалды,  деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жиын барысында Ұлттық банктің қызметіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

Сонымен қатар, республикалық бюджеттің орындалуы, инфляцияны төмендету, ақша-несие саясаты, "Банктер және банк қызметі туралы" жаңа заң жобасы, экономиканың нақты секторын кредиттеу, сондай-ақ Ұлттық банктің алтын-валюта активтерінің жағдайы қарастырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу