Қасым-Жомарт Тоқаев NVIDIA басшысы Дженсен Хуангтың Қазақстан экономикасына жасанды интеллект енгізу жөніндегі ұсыныстарын жоғары бағалады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Қазақстан экономикасына, әсіресе ауыл шаруашылығына жасанды интеллектіні енгізу және оны іс жүзінде қолдану мәселелерін талқылау мақсатында Ақордада өткен мазмұнды кездесуі үшін Дженсен Хуангқа алғыс айтамын. Сіздің ой-пікірлеріңіз бен кеңестеріңіз біз үшін өте құнды әрі маңызы зор", – деп жазды Президент.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу