Президент азық-түлік бағасын тұрақтандыруды тапсырды

Биыл экономиканың өсіміне мұнайдан тыс салалардың да дамуы себеп болған. 

Президент азық-түлік бағасын тұрақтандыруды тапсырды Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Мемлекет басшысы Премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады. Кездесу барысында Үкімет басшысы экономикалық өсімді қамтамасыз ету және әлеуметтік саясатты жетілдіру бойынша Президент тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндаған. 

Мысалы, биылғы қаңтар-қараша айларында жалпы ішкі өнімнің өсімі 4,4 пайызды құрады. Сондай-ақ, экономиканы әртараптандыру аясында ауыл шаруашылығы (13,4 пайыз), құрылыс (10,3 пайыз), сауда (8,2 пайыз), көлік (8,1 пайыз), өңдеу өнеркәсібі (5,3 пайыз), соның ішінде металлургия (7,2 пайыз) және машина жасау (6,9 пайыз), химия өнеркәсібі (8,4 пайыз), сондай-ақ ақпарат және байланыс (5,3 пайыз) салаларында өсім байқалғаны туралы айтылған. 

Осы орайда, биыл экономиканың өсіміне мұнайдан тыс салалардың да дамуы себеп болғаны айтылады. Соған қарамастан, мұнайды игерудің болжамды көрсеткішінің орындалмауы экономика дамуының жалпы қарқынына әсер етіп отыр. 

Олжас Бектенов отандық өндірушілерді қолдау және терең өңдеуді ынталандыру бойынша қабылданған шаралардың нәтижесі жөнінде Мемлекет басшысына мәлімет берді. Яғни, өңделген тауар экспорты 10,2 пайызға өсіп, 23,3 миллиард долларға жеткен. Тауар импортының көрсеткіші 3,3 пайызға кеміген. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 3,1 пайызға ұлғайған. Бұл орайда шикізаттық емес салаларда айтарлықтай өсім бар. 

Кездесуде Премьер-министр Президентке іскерлік белсенділікті одан әрі арттыру және аймақтардағы өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жұмыстарды күшейту жоспарын да таныстырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз кезегінде өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, құрылыс және көлік салаларындағы оң динамиканы сақтау бағытындағы жұмысты жалғастыруды тапсырды. Сондай-ақ, инвестиция тарту, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту, импорт алмастыру және әлеуметтік маңызға ие азық-түліктің бағасын тұрақтандыруды бақылау бойынша бірқатар тапсырма берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу