Мемлекет басшысы ОПЕК халықаралық даму қорының президенті Абдулхамид әл-Халифаны қабылдады

261

Аталған қор Қазақстандағы инвестициялық жобаларды қаржыландыруға көңіл бөле ме?

Мемлекет басшысы ОПЕК халықаралық даму қорының президенті Абдулхамид әл-Халифаны қабылдады Фото: Ақорда

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Абдулхамид әл-Халифа өзара ықпалдастық және Қазақстандағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру бойынша ынтымақтастық перспективасын қарастырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Мемлекет басшысы еліміз ОПЕК қорымен серіктестікке стратегиялық тұрғыдан мән беретінін, соның ішінде MENA (Таяу Шығыс және Солтүстік Африка) аймағымен байланысты нығайтуды көздейтінін атап өтті.

Өз кезегінде Абдулхамид әл-Халифа газ химиясы, көлік, су ресурстарын басқару және денсаулық сақтау сияқты негізгі салаларды қаржыландыру жоспарымен бөлісті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу