Мемлекет басшысы Ораза айт мерекесімен құттықтады

1341

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел мұсылмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz

Мемлекет басшысы Ораза айт мерекесімен құттықтады

"Қадірлі отандастар! Баршаңызды Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!" – деп жазылған құттықтауда.

Президент Ислам – имандылықты, бейбітшілікті, мейірімділікті дәріптейтін асыл дін екенін атап кетті.

"Бұл – күллі мұсылман қауымының ұлық мейрамы. Ораза ұстаған жамағат осы мерекені асыға күтеді. Алыс-жақын ағайын бір-бірінің үйіне барып, жылы лебізін білдіреді. Халқымыздың ынтымағы нығайып, бірлігі беки түседі. Осы игі құндылықтар елдің амандығы мен берекесін тілейтін ұлтымыздың салт-дәстүрімен біте қайнасып жатыр. Сондықтан бұл – бір шаңырақта тату-тәтті өмір сүріп жатқан барша жұртымыз үшін қадірлі ұғымдар. Ораза айт – елдігімізді еселейтін мереке", – деді Президент. 

Сонымен қатар Тоқаев мемлекетіміздің жарқын болашағы үшін қоғамдағы бірлік пен келісімді одан әрі нығайта береміз деп атақ көрсетті.

"Еліміздің әр шаңырағы бақыт пен қуанышқа бөленсін! Халқымыздың ырысы мен ынтымағы арта берсін! Айт қабыл болсын, ағайын!"

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу