Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

154

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді туған күнімен құттықтап, жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті Фото: akorda.kz

Қазақстан Президенті Ресейдің өркендеуі және халқының игілігі жолындағы Владимир Путиннің айрықша рөлі мен табанды еңбегін атап өтті.

Мемлекет басшысы Ресей Президентінің екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды нығайтуға зор үлес қосқанына тоқталды.

Сондай-ақ тараптар алдағы бірлескен іс-шаралар кестесін қарастырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу