Мемлекет басшысы Швеция Королі XVI Карл Густавты Ұлттық күнмен құттықтады

118

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Швеция Королі XVI Карл Густавты Ұлттық күнмен құттықтады Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев хатта аталған елдің орнықты даму, инновацияларды енгізу және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту бағыттарында тамаша табысқа қол жеткізгенін атап өткен, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сондай-ақ Президент жоғары деңгейдегі Қазақстан-Швеция қарым-қатынасы қос халықтың игілігі жолында алдағы уақытта да нығая беретініне сенім білдірді.

Мемлекет басшысы Швеция Королі XVI Карл Густавқа және достас швед халқына құт-береке тіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу