Қасым-Жомарт Тоқаев V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысу үшін Астанаға келген Рустам Миннихановпен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.
Қазақстан Президенті осы халықаралық маңызды шараға арнайы келген Татарстан Раисына ризашылығын білдірді. Мемлекет басшысы Көшпенділер ойындарына Ресей құрамасының атынан көптеген спортшы қатысатынын, оның ішінде Татарстанның өкілдері де бар екенін атап өтті.
Қазақстан Президенті сауда-экономикалық ынтымақтастық жоспарлы түрде дамып келе жатқанын айтып, машина жасау және мұнай-газ химиясы салаларындағы бірлескен жобаларды уақтылы әрі сапалы іске асырудың маңызына тоқталды.