Мемлекет басшысы Тимур Құлыбаевты қабылдады

2743

Президент шағын бизнестің ауқымын арттыру мақсатында жаңа бастаған кәсіпкерлерді жаппай оқытуды ұйымдастыру қажет деп есептейді. 

Мемлекет басшысы Тимур Құлыбаевты қабылдады

Мемлекет басшысы "Атамекен" ҰКП президиумының төрағасы Тимур Құлыбаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына Ұлттық палатаның қазіргі жұмыстары мен алдағы жоспарлары, сондай-ақ, кәсіпкерлерді қолдау жөнінде қабылданып жатқан нақты шаралар туралы баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі микро және шағын бизнесті дамытып, кәсіпкерліктің осы категориясы үшін салықтан босату жүйесін тиімді пайдалану маңызды екеніне баса назар аударды. Президент шағын бизнестің ауқымын арттыру мақсатында жаңа бастаған кәсіпкерлерді жаппай оқытуды ұйымдастыру қажет деп есептейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу