Мемлекет басшысы Жапонияда тұрып жатқан қазақстандықтармен кездесті

243

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі уақытта Жапонияда білім алып, түрлі салада қызмет етіп жүрген Қазақстан азаматтарымен кездесті.

Мемлекет басшысы Жапонияда тұрып жатқан қазақстандықтармен кездесті Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Жапония сияқты дамыған елдің тәжірибесін зерделеу маңызды екенін айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Бұл сапар екі ел арасындағы қарым-қатынасқа тың серпін береді деп ойлаймыз. Жапон тарапы да үлкен мән беріп отыр. Бүгін Премьер-министрмен кездесемін. Ынтымақтастығымыздың келешегі зор болатынына ешқандай күмән жоқ. Өздеріңізге белгілі, Қазақстан өз дамуында жаңа кезеңге қадам басты. Биыл ел экономикасының өсімі 6 пайыздан асты. Бұл – өте жақсы көрсеткіш. Дегенмен мұнымен тоқтап қалуға болмайды. Инфляцияны төмендету, инфрақұрылымды жаңарту қажет. Қазақстан келешекте цифрлық елге айналуы керек. Алдымызда осындай үлкен мақсаттар тұр, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Отандастарымыз арасынан Ritsumeikan Азия – Тынық мұхиты университетінің вице-президенті, профессор Серік Мейірманов, ARIA Consulting негізін қалаушы Арайлым Хасан, Showa және Juntendo медицина университеттерінің доценті Әбдібек Қалибек, Ailia компаниясында жасанды интеллект технологиясымен айналысатын инженер Эльдар Төлеубай сөз сөйлеп, өздерінің Күншығыс еліндегі жетістіктерімен бөлісті.

Президент Жапонияда тұрып жатқан қазақстандықтарға табыс тіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу