Мемлекет басшысы жүк тасымалаушылардың мәселесін көтерді

2877

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей шекарасында жүк тасымалдаушылар қиындыққа тап болғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Мемлекет басшысы жүк тасымалаушылардың мәселесін көтерді

"Шекарадан өтетін жүк тасымалдаушылардың мәселесін жеке атап өткім келеді. Бұл біз үшін өте маңыды мәселесі. Қазақстан мен Ресей шекарасында 30 көлік өткізу пункті бар. Оның бесеуінде ғана инспекциялық тексеру кешені бар. Өкінішке қарай кейбір кездері олар істен шығады. Мәселе Саратов, Орынбор, Челябі, Қорған, Түмен облыстары және тағы басқа өткізу пунктітеріне байланысты", - деді Мемлекет басшысы Көкшетауда өтіп жатқан Қазақстан мен Ресей XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Ресейдің шекара қызметі жаңа талап енгізген. Оның салдары жүк тасымадаушыларға тиіп жатыр.

"Олар жүктерді тексеру алаңында тура тиеуге мәжбүр. Бұл көбіне жүктің бүлінуіне әкеледі. Жүк тасымалдаушылар көліктеріне орының үште екі бөлігіне жүкті тиеуге мәжбүр. Мысалы, Газельдегі 8 тонна жүктің орнына енді 4-6 тонн тұтынушылық тауар тиеліп жатыр. Жүк көліктері 30-40 тонна жүктің орнына 15-20 тонна тауар тасуға мәжбүр.Салдарынан көлік шығыны артып, тауарлардың бағасы өсіп жатыр", - деді Президент.

Дәурен Ерболат
 


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз ! 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу