Мемлекет есебінен жүргізілетін құрылыс жұмыстарында отандық өнімге басымдық берілмек

528

​Осы мақсатта бақылау комиссиясы құрылуы мүмкін.

Мемлекет есебінен жүргізілетін құрылыс жұмыстарында отандық өнімге басымдық берілмек Фото: canva.com

Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстанда отандық кәсіпорындарды қолдау шеңберінде келесі заңнамалық өзгерістер пысықталып жатыр.

"Біріншіден, ірі тапсырыс берушілердің отандық тауарлар мен қызметтерді пайдалану бағдарламаларын бекіту және ұзақ мерзімді шарттар мен офтейк келісім шарттар жасасу міндеттемелерін белгілеу. Екіншісі – мемлекеттік бюджет есебінен жүргізілетін құрылыс жұмыстарында отандық құрылыс материалдары мен жабдықтарын қолдануды бақылау комиссиясын құру. Үшіншіден, жаңа өндірістік нысандар құрылысы барысында отандық тауар өндірушілерден материалдар мен жабдықтарды сатып алу бойынша міндеттемелерді белгілеу", - деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу