Мемлекет кәсіпкерлер мен жастарды жаппай онлайн бизнес жүргізуге оқытады

2536

Қазақстанда электронды сауданы ынталандыру үшін біршама шара қабылданып жатыр.  

Мемлекет кәсіпкерлер мен жастарды жаппай онлайн бизнес жүргізуге оқытады

Экономиканың осы маңызды саласына серпін беру үшін Сауда және интеграция министрлігі шағын және орта бизнес өкілдерін онлайн бизнесті жүргізуге оқыту үшін арнайы платформа құрып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.

Жалпы елде электрондық сауданы ынталандыру және ШОБ өкілдерін оқыту, жеткізу қызметі, логистикалық сервистерді дамыту, заңнаманы жетілдіру, сондай-ақ онлайн трансшекаралық сауданы дамыту бойынша кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осылайша, көптеген студенттерді электронды коммерция негіздеріне оқыту мақсатында биыл jumysbar.kz платформасында оқыту модулі іске қосылған. Онда оқу материалдары, бейне сабақтар, түрлі сәтті онлайн-кәсіпкерлермен сұхбаттарды көруге болады.

Одан бөлек ішкі электронды сауданы ынталандыру шеңберінде шағын және орта бизнес өкілдерін онлайн бизнес жүргізу бойынша оқыту бойынша жұмыс белсенді жүргізілуде. Ол үшін осы жылдың қыркүйегінен бастап Сауда және интеграция министрлігі SmartDuken.kz платформасын іске қосады. Бұл платформа – AIFC FintechHub-тің жетекші жаһандық төлем компаниясының Mastercard-пен серіктесе әзірлеген өнімі. Осы жылдың өзінде платформада 4 курс іске қосылады. Бүгінгі күні курстарды шығару кестесі дайын. Курстарға арналған контентті құру бойынша одан әрі жұмыс жүргізілуде.

Отандық өндірісті шетелде ілгерілету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды қоспағанда ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер төлемдерді төлеуді оңайлатуға және барлық кедендік операцияларды жүзеге асыруға, сондай-ақ тауарларды алушылар үшін қолайлылықты арттыруға бағытталған сыртқы электрондық сауда саласында пилоттық жоба жүргізуді жоспарлап отыр. Жоба сондай-ақ кедендік әкімшілендіруді едәуір жеделдетуге және интернет-сауда шеңберінде рәсімдерді оңтайландыруға мүмкіндік беретін электронды сауда операторы институтын енгізуді көздейді.

Министрліктің өкілдері таратқан мәліметке сәйкес, 2019 жылы Қазақстандағы электрондық сауда нарығының көлемі шамамен 700 млрд теңгені құраған. Ал 2020 жылы бұл көрсеткіш 2 есе өсіп, 1,1 трлн теңгеден асқан.

Аян Бекенұлы
 


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз ! 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу