Мемлекет мақсатшыл, табанды, еңбекқор адамдарға әрдайым қолайлы жағдай жасайды – Президент

Құрылтайының бірінші сессиясында Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің ғылымды, озық цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні дамытуға ден қойғанын мақтанышпен айтты.  

Мемлекет мақсатшыл, табанды, еңбекқор адамдарға әрдайым қолайлы жағдай жасайды – Президент Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысының сөзінше, Қазақстан жедел болмаса да, инновациялық өркендеу жолына бағыт алған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Біз әлеуметтік мемлекет ретінде азаматтардың әлеуетін арттыруға әрдайым баса мән береміз. Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және креативті индустрия саласын жан-жақты дамытуға айрықша назар аударамыз.

Мемлекет мақсатшыл, табанды, еңбекқор адамдарға әрдайым қолайлы жағдай жасайды.

Біз жастарға еңбек пен тәртіптің қаншалықты маңызды екенін түсіндіруіміз керек. Себебі, бұл – табысқа жетудің көзі.

Азаматтарымыз жаңа дәуірде құқықтық сауатсыздық, әлеуметтік масылдық, жөнсіз сөз бен орынсыз сынның еш пайдасы жоқ екенін білуі қажет. Мұның бәрі – еліміздің өсіп-өркендеуіне бөгет болатын кедергілер.

Салиқалы ұлттық сана-сезімді қалыптастыру ісіне айрықша мән беру керек. Мен бұл туралы Тамыз конференциясында арнайы айттым. Енді осы мәселеге Құрылтай қабырғасында қайта оралғанды жөн көріп отырмын, – деді Президент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу