Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға 1 трлн теңге бөлінеді – Президент

1027

Мемлекет басшысы отандық экономикадағы жағдай әлі күрделі екеніне тоқталды. 

Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға 1 трлн теңге бөлінеді – Президент

Қарапайым заттар экономикасы мен Бизнестің жол картасы бағдарламалары 2022 жылға дейін ұзартылды. Оларды жүзеге асыруға 1 трлн теңге бөлінеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Президент зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдалану туралы бастама экономикаға айтарлықтай әсер еткенін атап өтті.

"Ең бастысы оның әлеуметтік ықпалы айрықша болды. Осы шараның арқасында 1 млн-нан аса қазақстандық тұрғын үй жағдайын жақсартты. Кейбірі ипотекалық қарызын азайтты. Жалпы экономикалық дамуымызда оң үрдіс бары сөзсіз. Алайда бүгінгі ахуалдың әлі де күрделі екенін ашық айтуымыз керек", – деді Президент Қазақстан халқына Жолдауында.

Осыған байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік бағдарламалар 2022 жылға дейін ұзартылатынын атап өтті.

"Сондықтан мен қарапайым заттар экономикасы және Бизнестің жол картасы бағдарламаларының мерзімінің 2022 жылға дейін ұластыру туралы шешім қабылдадым. Бұл мақсатқа бөлінетін қаржының көлемі кемінде 1 трлн теңге болады",– деді Мемлекет басшысы.

Дәурен Ерболат


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз ! 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу