Мемлекеттік қарыз қанша екені белгілі болды

497

Жыл басынан бері мемлекеттік борыш 40 млрд теңгеге артты. 

Мемлекеттік қарыз қанша екені белгілі болды Фото: canva.com

Қаржы министрі Мәди Такиев Қазақстанның мемлекеттік борышы қанша екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"1 шілдедегі жағдай бойынша мемлекеттік борыш жыл басынан бері 40 млрд теңгеге ұлғайып, 31,9 трлн теңгені немесе жалпы ішкі өнімге 21,1% құрады. Негізгі өсу факторы – республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру және бұдан бұрын тартылған қарыздарды игеру. Бұдан басқа, осы жылдың 24 маусымында Қаржы министрлігі 2,5 млрд доллар сомасына евробондтар орналастырды. Бұл жиынтық борышты ұлғайтпай, 2015 жылғы сыртқы міндеттемелер бойынша алдағы төлемдерді толығымен қайта қаржыландыруға мүмкіндік берді", – деді Мәди Такиев Үкімет отырысында.

Оның сөзінше, сыртқы нарықта квазимемлекеттік сектор субъектілері/нің болашақта қарыз алуы үшін кірістілік бағдары айқындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу