Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин этносаралық келісімді нығайту мәселелеріне арналған республикалық жиын өткізді

105

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.   

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин этносаралық келісімді нығайту мәселелеріне арналған республикалық жиын өткізді Фото: akorda.kz

Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімдері басшылары мен орталық мемлекеттік органдардың өкілдері қатысқан басқосуда этносаралық қатынастар саласындағы өзекті мәселелер қаралды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ерлан Қарин жаңа Конституцияның қағидаттары мен нормаларын нақты жүзеге асыруға және қоғамдық келісімді қамтамасыз етуге қатысты бірыңғай тәсілдерді қалыптастыруға ерекше назар аударды.

Кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға қоғамдағы тұрақтылықты нығайту бағытында нақты тапсырмалар берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу