Мемлекеттік кеңесші конфессияаралық келісімді нығайту мәселесіне арналған жиын өткізді

158

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин конфессияаралық келісімді нығайту мәселесіне арналған жиын өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мемлекеттік кеңесші конфессияаралық келісімді нығайту мәселесіне арналған жиын өткізді Фото: Ақорда

Басқосуға Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен орталық мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Жиында дін саласындағы өзекті мәселелер, қоғамда конфессияаралық келісімді нығайту жөніндегі шаралар және діни радикализмге қарсы іс-қимылға қатысты мәселелер қаралды.

Мемлекеттік кеңесші дін саласында салиқалы саясат жүргізу үшін мұқият ойластырылған ұстаным, кешенді әрі жүйелі шаралар қабылдау және барлық мемлекеттік органдардың бірлесіп үйлесімді жұмыс істеуі қажет екенін атап өтті.

Осы ретте Ерлан Қарин заңдарды сақтаудың, конфессия саласын ғылыми тұрғыдан зерделеудің және халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңызды екенін айтты.

Жиын соңында мемлекеттік органдарға қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайту үшін күш жұмылдырып әрекет етуге бағытталған нақты тапсырмалар берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу