Мемлекеттік қызметкерлер мен депутаттар кірістері туралы деректі жариялайтын болады

285

Бұл норма олардың жұбайларына да қатысты болады. 

Мемлекеттік қызметкерлер мен депутаттар кірістері туралы деректі жариялайтын болады Фото: magmer.ru

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Жариялануға жататын кірістер мен мүлік туралы декларациядан мәліметтер тізбесін бекіту туралы" бұйрықтың жобасын әзірледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"2025 жылдан бастап "А" корпусының саяси мемлекеттік қызметшілері, мемлекеттік әкімшілік қызметшілері, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Парламент депутаттары, судьялар, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде басқару функцияларын атқаратын адамдар және олардың ерлі-зайыптылар 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін және одан кейін жыл сайын кірістері мен мүлкі туралы декларацияларында көрсетілген мәліметтерді жариялауға міндетті болады. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңның 11-бабының 9-тармағы қолданысқа енгізіледі", – делінген құжатта.

Кірістер мен мүлік туралы декларацияда көрсетілген, жариялануға жататын мәліметтер тізбесі:

  • Жеке тұлғаның меншік құқығындағы мүлік туралы ақпарат;
  • Қазақстаннан тыс жерлерде сатып алынған және өтеусіз алынған мүлік (оның ішінде ақша) туралы ақпарат;
  • Елімізден тыс шетелдік банктердегі банктік шоттардағы қаражат туралы ақпарат.

Бұдан басқа республикадан тыс жерлерде тіркелген бағалы қағаздар, цифрлық активтер, инвестициялық алтын және заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлесі туралы мәлімет те жариялануы тиіс.

Бұйрық "Ашық НҚА" порталында жарияланды. 27 желтоқсанға дейін ашық талқылауда болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу