RU KZ
KASE 2 380,91 РТС 1 241,26 FTSE 100 7 291,01 DOW J 25 750,92 Hang Seng 29 107,05 Мыс 6 529,01
$ 378.17 € 429.11 ₽ 5.88
Ауа райы:
0Астана
+10Алматы
KASE 2 380,91 РТС 1 241,26
FTSE 100 7 291,01 DOW J 25 750,92
Hang Seng 29 107,05 Мыс 6 529,01
Мемлекеттік органдар кеңсе жалдауға 1 млрд теңге артық қаражат жұмсаған

Мемлекеттік органдар кеңсе жалдауға 1 млрд теңге артық қаражат жұмсаған

Шенеуніктердің басы артық кабинеттерінің көлемі 382 мың шаршы метрге тең, алайда осы ауданның тек 42%-ы ғана оңтайландыруға жатады.

Мемлекеттік органдар кеңсе жалдауға 1 млрд теңге артық қаражат жұмсаған, Кеңселер, жылжымайтын мүлік, әкімдік, бюджет, оңтайландыру, жұмыс кеңістігі

3265 28 Желтоқсан 2018 13:59 Автор: Карина Алимова

Әкімдіктер мен орталық мемлекеттік органдардың жұмыс кабинеттері нормативте бекітілген 382 мың шаршы метрден асып кетіп отыр. Алайда осы мөлшердің тек 42%-ы немесе 163 мың шаршы метрі ғана оңтайландыруға ілігеді. Бір мекемедегі артық ауданды тапшылық көріп отырған мемлекеттік ұйымдарға немесе жеке, заңды тұлғаларға жалға беру арқылы шешпек. Бұл бүгінгі күні 1 млрд теңге деп бағаланып отырған, жыл сайын артығымен жұмсалған бюджеттік қаражат шығыстарын жабуға мүмкіндік береді. Бұл туралы брифингте мемлекеттік органдар аппаратын орынжаймен қамтамасыз ету ережесін сақтау жөніндегі мониторинг қорытындысын ұсынған мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің директоры Елдар Үйсімбаев мәлім етті.

«Еліміз бойынша 7,5 мың мемлекеттік мекемеде түгендеу жүргізілді. 382 шаршы метрдің 163 мың шаршы метрі оңтайландыру мен қысқартуға жатады, яғни 218 мың шаршы метр оңтайландыруға жатпайды. Егер 163 мың шаршы метрге азайтатын болсақ, онда экономикалық тиімділік шамамен бір миллиард теңге болады», – деп түсіндірді Елдар Үйсімбаев.

Қалған артық 58% жоспарлаудың ерекшелігіне сәйкес шенеуніктердің билігінде қалады. Негізінен бұған орынжайдың жұмыс процесін ұйымдастыруға жарамсыз орынжайлар кіреді.

Мүліктік жалға беруге келетін орынжайларды ұтымсыз пайдалану жалға беруден түсетін кірісті азайтып қана қоймай, сонымен қатар олардың күтіміне кететін шығындарды көбейтеді. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерін орналастыру үшін бизнестен кабинеттерді жалға алу үрдіске айналып бара жатқаны байқалады. Мысалы, егер 2016 жылы еншіленген орындардың жалпы ауданы 45,1 мың метр болса, 2018 жылы ол 52,9 мың метрге тең болып отыр.

Мәселен, Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы 353 шаршы метр көлемінде артық аудан бола тұра, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ-тан 287,8 шаршы метрді жалға алып, оған жыл сайын 2,7 млн теңге төлеп отырған.

«Осы саладағы жұмыстың тиімсіздігін мемлекеттік мүлікті жалға беруден бюджетке түскен түсімдер мен мемлекеттік органдардың жекешенің мүлкін жалдауға кеткен шығындарын қарапайым салыстырудан-ақ байқауға болады. 2018 жылы жергілікті атқарушы органдардың 29 мың шаршы метр орынжайын 735 кәсіпкерге жалға беріп мемлекет 178 млн теңге пайда тапқан, ал 142 мемлекеттік орган үшін 52 мың шаршы метрді жалға алуға 1,8 млрд теңгеден астам қаражат кеткен», – деді мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің директоры.

Мониторинг барысында бір елдімекенде органдар кәсіпкерлерден орынжайды жалға ала отырып, өздері аудандарды кәсіпкерліктің басқа субъектілеріне мүліктік жалға берген фактілері анықталды. Мысалы, Алматы облысының Текелі қаласындағы жер қатынастары бөлімі ERNUR жеке кәсіпкерлігінің ауданы 49,8 шаршы метр болатын кеңсесін жалға алып, оған жыл сайын 1,2 млн теңге төлеп отырған. Ал тап осы қаланың ішкі саясат бөлімі болса 62,8 шаршы метр артық қалған жерді жыл сайынғы жалдау ақысы 726 мың теңгеге «Атамекен» ҰКП филиалына жалға беріп келген.

Мемлекеттік ұйымдар жыл сайын бюджеттен қаражат шығындап жеке тұлғалардан артық аудандарды жалға алуды әдетке айналдырған.

«2018 жылдың қыркүйегіне дейін Атырау қаласының құрылыс бөлімі қарамағында толық жұмыс істеуге жететін 260,6 шаршы метр орынжай бола тұра, алты миллион теңгеден артық сомаға жалпы ауданы 300 шаршы метр болатын ғимаратты жалға алуға «Шакбакова» ЖК-мен негізсіз келісімшарт жасаған», – деді спикер.

Бұған қоса, мекемелер бар аудандарды салалық мақсат үшін пайдаланбайтыны белгілі болды. Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданының әкімдік аппараты ғимаратында жалпы ауданы 41,5 шаршы метр қонақүй бөлмесі ретінде жабдықталған төрт орынжай анықталды. Ал сол органның өзінің толыққанды жұмыс істеуіне 34,47 шаршы метр көлемінде орын жетпей отырғанын баса айтқан жөн.

«Түгендеу қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға қызметкерлерді оңтайлы орналастыру, артық немесе босаған орындарды мемлекеттік ұйымдар мен кәсіпорындар арасында қайта бөлу, оларды коммуналдық меншікке немесе жекешелендіруге беру бойынша шаралар қабылдауға ұсыныс жасалды», – деді Елдар Үйсімбаев.

Ол өңірлер бойынша кеңселерді жалға алуға артық ақша жұмсайтындар Алматы, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарында көп екенін айтты.

Карина Алимова

Тегтер:

Аbctv.kz-ті қараңыз, оқыңыз :

Жаңалықтарға жазылу:

OK