Мемлекеттік органдарға талап қою көбейіп отыр

Қойылған талаптың 58 пайызы қанағаттандырылған. 

Мемлекеттік органдарға талап қою көбейіп отыр Фото: sud.gov.kz

Дау-дамай көбіне тұрғын үй, салық және жерге қатысты болған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жалпы, жұмыс көлемінің артуы жағдайында әкімшілік сот мемлекеттік органдар, азаматтар мен ұйымдардың құқығын қорғайды.

Жоғарғы соттың Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Аслан Түкиевтің сөзінше, өткен жылға қарағанда биыл талап қоя 5 пайызға көбейген.

– 2023 жылмен салыстырғанда, 2024 жылы мемлекеттік органдарға талап қою 5 пайызға артты. Мемлекеттік органдарға қойылған талаптың 58 пайызы қанағаттандырылды, даудың 52 пайызы бизнестің пайдасына шешілді. Сот актілерінің 13 пайызы апелляцияда, 19 пайызы кассацияда түзелді. Дау-дамай көбіне тұрғын үй, салық және жерге қатысты болды, – деді ол.

Біртұтас әкімшілік практиканы қалыптастыру, сондай-ақ әкімшілік рәсімдер мен актілердің біркелкі қағидасын заңнамалық тұрғыдан бекіту де маңызды болып отыр.

– Бұл түзетулер мемлекеттік органдардың әкімшілік рәсімдерді сақтауын қамтамасыз етуге және олар шығаратын актілердің сапасын арттыруға бағытталған, – дейді Аслан Түкиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу