Мемлекеттің 42500 теңгені қайтаруы орынды – заңгер

6690

Халықаралық құқық қорғау орталығының басшысы Жанділдә Әжіғалиұлы ТЖ режимі кезінде кейбір кәсіпкерлердің өз қызметкерлерін ақысыз демалысқа жіберіп, оларға "мемлекеттен 42500 теңгені ала аласыңдар" деп айтуын сынға алды.  

Мемлекеттің 42500 теңгені қайтаруы орынды – заңгер

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұған дейін жалған мәлімет беріп, 42500 теңгені алғандардың ҚР ҚК 90 және 195 баптары бойынша жауапқа тартылатынын мәлімдеген болатын. Мемлекеттің 42500 теңгені заңсыз жолмен алғандардан қайтаруын Жанділдә Әжіғалиұлы орынды деп есептейді.

"Жалған ақпарат беріп жәрдемақы алғандардан 42500 теңгенің қайтарылуы өте орынды деп санаймын. Себебі, әлеуметтік жұмыстағы кейбір қызметкерлердің айлық ала отырып, жұмыспен қамту орталығы арқылы 42500 теңге алуға өтініш беріп жатыр. Үкіметтік емес ұйымдардан да осындай дұрыс емес істер істеліп отыр. Егер мемлекеттік жәрдемақы беріліп отырса, айлық жүріп жатқанына қарамастан жәрдемақыға өтініш беру деген дұрыс ой емес. Сондықтан мемлекеттің орынсыз берілген өтініштер бойынша алынған 42500 теңгені қайтаруын толығымен қолдаймын", –  деді заңгер.

Сонымен қатар ол әлеуметтік төлемнің қайтарылуына қатысты бизнес тарапы да заң бұзып жатқандарын мәлім етті. Оның айтуынша, төтенше режимі енгізілгеннен кейін кейбір кәсіпкерлердің өз қызметкерлерін ақысыз демалысқа жіберіп, оларға "мемлекеттен 42500 теңгені ала аласыңдар" деп айтуы кей жағдайларда дұрыс емес екен.

"Себебі, егер сол жеке кәсіпкердің немесе шағын және орта бизнестің өкілі солай істеген жағдайда алдымен өзінің мүмкіншілігіне қарауы керек. Егер оның, яғни ұйым, не мекеменің шотында қаражат болған жағдайда кәсіпкердің ақша алуы заң бұзушылық болып табылады. Себебі, кәсіпкер ол ақшаны өзі төлеуге қауқары жете тұра, қызметкерлеріне "мемлекеттен ал" деп айтуы дұрыс емес. Бұл жағдайда мұндай ұйымның қызметкерлері 42500 теңгені қайтаруы тиіс. Үкіметтің шырылдауының жаны бар. Кей азаматтар сол қаражатқа қол жеткізе алмай жатыр. Ал біреулердің жағдайы бола тұра, айлығы жүре тұра әлеуметтік төлемді алуы, сонымен қатар жұмыс берушінің жағдайы бар болса да, қызметкерлеріне сол қаражатты мемлекеттен алдыртуы дұрыс емес деп санаймын", – дейді Жанділдә Әжіғалиұлы.

Дегенмен заңгер кәсіпкерлердің қаражаты болған жағдайда олай істеуіне тыйым салынғаны туралы бұйрықта жазылмағанын алға тартты.

Естерңізге сала кетейік, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік төлемді қайтаруға болатынын жариялады. Енді 42500 теңгені мына реквизит бойынша қайтаруға болады: "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КеАҚ

БСН: 160440007161

БСК: GCVPKZ2A

ЖСК: KZ67009SS00368609110

ТТК: 049

Halyk bank пен Kaspi bank-те шоттары бар азаматтар "Әлеуметтік төлемдерді қайтару" тетігін таңдай отырып, 42500 теңгені банктердің ұялы қосымшасы арқылы кері қайтара алады.

Еңбек министрі Біржан Нұрымбетов ел азаматтары 42500 теңге үшін сотталмайтынын жазған болатын. Ол туралы толығырақ мына сілтемеден оқи аласыз:

Табиғат Нұрболат

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу