"Мен әйелмін": Олимпиада чемпионы атанған алжирлік боксшы өзін сынағандарға жауап берді

514

Олимпиада финалында алжирлік Иман Хелиф қытайлық Ян Люді жеңді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Мен әйелмін": Олимпиада чемпионы атанған алжирлік боксшы өзін сынағандарға жауап берді Фото: gazeta.ru

Кездесу үш раундқа жалғасып, төрешілердің ортақ шешімімен Хелиф жеңімпаз танылды (30:27).

Осылайша, Иман Олимпиададағы алғашқы алтынын иеленді.

"Мен ерекше қабілетке ие мықты әйелмін. Шабуыл мен зұлымдық кампаниясының нысанына айналдым. Бұл менің соларға ең сәтті жауабым болды. Жауап қай кезде де шаршы алаңда болады. Менің турнирге қатысуға толық құқым бар. Себебі өзгелер сияқты мен де әйелмін. Мен әйелмін, әйел секілді өмір сүрдім, әйел ретінде жарысқа түстім. Бұл шабуылдардың бәрі менің табысыма ерекше әр береді", – деді Иман Хелиф.

Хелиф тайваньдық боксшы Линь Юйтин секілді 2023 жылғы әлем чемпионатынан шеттетілген еді.

Халықаралық бокс федерациясының мәліметінше, олар гендердік тестілеуден өте алмаған. Алайда ХОК екеуіне де Олимпиадаға қатысуға рұқсат берген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу