"Мен мұнымен тоқтап қалмаймын! Мықты болып ораламын": Әбиба Әбужақынова жантебірентерлік жазба жариялады

1007

Дзюдодан әйелдер арасында 48 келі салмақта татамиге шыққан Әбиба Әбужақынова жүлдеге қол жеткізе алмағаны үшін әлеуметтік желіде жанкүйерлерінен кешірім сұрап, жантебірентерлік жазба арнады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты  

"Мен мұнымен тоқтап қалмаймын! Мықты болып ораламын": Әбиба Әбужақынова жантебірентерлік жазба жариялады Фото: olympic.kz

"Құрметті, Қазақ елі!  Мені қолдап, жүлдесіз қалғаныма қарамастан жылы лебіздеріңізді арнап жатқандарыңызға рахмет!

Мен бұл күнді ұзақ күткен едім. Қазақстан әйелдер дзюдосының тарихын жаңартуға бар күшімді салғаныммен, өзім ойлағандай нәтижеге қол жеткізе алмадым...

Маған сенген баршаңыздың үміттеріңізді ақтай алмағаным үшін кешірім сұраймын! Мен мұнымен тоқтап қалмаймын! Мықты болып ораламын", - деп жазды ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу