Mercedes-Benz Германиядағы зауыттарын жабуы мүмкін

144

Mercedes-Benz компаниясы Германиядағы зауыттарға бағытталатын алдағы инвестицияларды уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады.

Mercedes-Benz Германиядағы зауыттарын жабуы мүмкін Фото: Риа Новости

Енді өндіріс орындарын жабу мәселесі де күн тәртібінде қаралады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Euronews-ке сілтеме жасап. 

Компанияның еңбек қатынастары жөніндегі директоры Бритта Зигер бұл қадамды шығындардың артуынан туындаған күрделі ахуалмен түсіндірді. Енді концерн елдегі өндіріс орындарының ұзақ мерзімді перспективадағы тиімділігін талдауы тиіс. Оның айтуынша, Mercedes зауыттардың жабылуына жол бермеуге бар күшін салады, алайда бұл нұсқаны енді қарастыруға тура келіп отыр.

Даудың негізгі себебі – өндіріс шығындары. Mercedes компаниясының дерегінше, Германиядағы зауыттарда бір сағаттық жұмыс құны Шығыс Еуропадағы кәсіпорындармен салыстырғанда бес есе қымбатқа түседі. Сондықтан басшылық еңбек жағдайларына қатысты жеңілдіктер жасауды талап етіп отыр. Талқыланып жатқан ұсыныстардың бірі – жалақыны өсірмей, жұмыс уақытын ұзарту.

Бұдан бірнеше апта бұрын компанияның өндіріс басшысы Михаэль Шибе шығындар қысқартылмаса, Германиядағы екі зауыттың жабылуы мүмкін екенін ескерткен болатын. Қазіргі жоспарларға сәйкес, бұл шектеу бір құрастыру зауытына және көлік бөлшектерін шығаратын зауытқа қатысты болып отыр.

Компанияның Зиндельфинген, Растатт және Бремен қалаларында құрастыру кәсіпорындары бар. Ал компоненттер өндіретін алаңдар қатарына Штутгарт-Унтертюркхайм, Аффальтербах, Берлин, Гамбург, Каменц және Тюрингиядағы нысандар кіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу