ҚР Туризм және Спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Руслан Есеналин Қазақстан бокс федерациясының бас хатшысы Мерей Ақшаловқа ТМД Парламентаралық Ассамблеясының құрмет белгісін табыстады
Куәлік “Дене шынықтыру, спорт және туризм саласының дамуына қосқан үлесі үшін” берілді.
Естеріңізге сала кетейік, 2008 жылы Ақшалов Бейжің олимпиадасында Қазақстан намысын қорғады. 2013 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатында және Амманда өткен Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. 2014 жылы күтпеген жерден былғары қолғап шебері бокстағы мансабын аяқтады. 2025 жылдың қаңтар айында ол еліміздің бокс федерациясының бас хатшысы қызметіне тағайындалды.