Стендтік атудан Қазақстан құрамасының спортшылары Азия рейтингінде көш бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Стенд атудан екі бірдей қазақстандық спортшы бірінші орынды иеленді. Эдуард Ещенко "скит" жаттығуында 1 629 ұпай жинап, көшбасшылық орнын сақтап тұр.
Әйелдер арасында осы дисциплинада Әсем Орынбай 1 722 ұпаймен азиялық рейтингтің бірінші сатысына шықты. Сонымен қатар, Зоя Кравченко 1 130 ұпаймен жетінші орында.
Сонымен қатар тағы бір қазақстандық спортшы Мария Дмитриенко "трап" жаттығуында 1 200 ұпаймен бесінші орынға жайғасты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу