Бұл кездесу Мессидің ұлттық құрама сапында өз елінде өткізген соңғы ресми ойыны болды.
Аргентина құрамасы Оңтүстік Америка іріктеу кезеңінде Әлем чемпионатына тікелей жолдама алды. Дегенмен Месси 2026 жылғы мундиалға қатысуы екіталай екенін айтты.
"Мен әлі Әлем чемпионатына қатысты түпкілікті шешім қабылдаған жоқпын. Жасымды ескерсек, келесі турнирге қатыспауым мүмкін. Бірақ бәрін күн сайын, ойын сайын бағалап, соған сай шешім қабылдаймыз", – деді ол.
Осылайша, миллиондардың кумирі туған жерінде соңғы мәрте алаңға шығып, жанкүйерлеріне тарихи қоштасу сәтін сыйлады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу