Бұл жүлдеге Англия құрамасы мен Германияның "Бавария" клубының шабуылшысы Харри Кейн лайық деп танылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Осылайша, ол France Football француз журналының нұсқасы бойынша 2025/2026 жылғы маусымның үздік футболшысы атанып отыр.
Бір қызығы, Харри Кейн – 2001 жылы Майкл Оуэннен соң "Алтын допқа" иелік еткен алғашқы ағылшын футболшысы.
2025-26 жылғы маусымда Кейн "Бавария" сапында Германия Суперкубогын, Германия кубогын және Бундеслига чемпионатын жеңді. Ал Англия құрамасымен 2026 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанғанын футболсүйер қауым ұмыта қойған жоқ.
2025 жылдың тамызынан 2026 жылдың шілдесіне дейін Кейн "Бавария" мен Англия құрамасы сапында 65 матч өткізіп, 73 голды өз атына жазды.
"Алтын доп" жүлдесіне үміткерлер қатарында Лионель Месси, Ламин Ямаль және Килиан Мбаппе де болды. Ямаль үшінші жыл қатарынан үздік жас ойыншыға берілетін марапатты місе тұтып отыр.