Аты аңызға айналған футболшы Лионель Месси ұлттық командадағы соңғы ойынын өткізу үшін туған жеріне ат басын бұрды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Аргентина құрамасы Буэнос-Айресте Бенинге қарсы жолдастық кездесу өткізбек. Бұл матч 39 жастағы Мессидің ұлттық құрама сапындағы қоштасу ойыны болады.
Лионель Месси – Аргентина құрамасының және Оңтүстік Америка (116 гол) елдерінің ең үздік бомбардирі. Әлем чемпионы (2022), Оңтүстік Америка кубогының екі дүркін иегері (2021, 2024), Финалиссима жеңімпазы (2022), Олимпиада чемпионы (2008). 2026 жылы Аргентинамен бірге Әлем чемпионатының финалына дейін жетті.
Месси қазіргі уақытта "Интер Майами" клубында доп теуіп жүр. Биылғы маусымда ол 24 матчта алаңға шығып, 21 гол соққан және 11 нәтижелі пас берген.
Бұған дейін Аргентина Мессимен қоштасу матчына тосынсый дайындап қойғанын жаздық.