Miami open: Қазақстандық теннисші іріктеуді жеңіспен бастады

336

Майамиде (АҚШ) ATP-1000 сериялы турнирінің іріктеу кезеңі басталды.

Miami open: Қазақстандық теннисші іріктеуді жеңіспен бастады Фото: ATP

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко бірінші айналымдағы іріктеу кездесуін сәтті өткізді.

Ол Лукас Клейнді (Словакия, 166 ATP) 6:3, 7:6 есебімен жеңді. Кездесу 1 сағат 32 минутқа созылды.

Іріктеу финалында Шевченко аргентиналық Тиаго Тирантеге (117 ATP) қарсы ойнайды. Матч бүгін, 18 наурыз Қазақстан уақыты бойынша 6-кортта 20:00-де басталады.

Ал, Михаил Кукушкин іріктеуде аустралиялық Адам Уолтонға 1:6, 4:6 есебімен жеңілді.

Майамидегі турнирдің негізгі кезеңі 19-30 наурыз аралығында өтеді. 

Айта кетейік, жарыстың негізгі кезеңінде 4 теннисшіміз өнер көрсетеді. 19 наурыз күні / 64 финал аясында Қазақстан уақытымен 20:00-де Александр Бублик аргентиналық Себастьян Баэске қарсы кортқа шығады.

21-наурыз 1/32 финал Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева, Анна Данилина сынға түседі. Олардың қарсыластары кейінірек анықталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу