Miami Open қазақстандық теннисшілер үшін аяқталды

1502

Турнирдің үшінші кезеңінде еліміздің үздік теннисшілері қарсыластарынан ұтылып қалды.

Miami Open қазақстандық теннисшілер үшін аяқталды

Юлия Путинцева (WTA рейтингінде 47-орын) Майамиде (АҚШ) өтіп жатқан турнирдің 1/8 финалына өте алмады. Жарыстың үшінші кезеңінде Путинцева испаниялық Паула Бадосадан (WTA рейтингінде 6-шы) жеңілді. Қазақстандық қарсыласына екі сетте 3:6, 2:6 есебімен ұтылды.

Еске салайық, бұған дейін турнирде Юлия Путинцева германиялық Настася Мариана Шункті (243-орын) - 4:6, 6:3, 6:1, украиналық Леся Цуренконы (135-орын) - 6:3, 4:6, 7:5 есебімен жеңген болатын. Майами турнирінің жүлде қоры 8 584 055 долларды құрайды. Үшінші айналымға өткені үшін Путинцева 54 400 доллар сыйақы алады және рейтингте 65 ұпай жинады.

Әлемнің 18-ші ракеткасы Елена Рыбакина Майамиде өтіп жатқан турнирдің үшінші айналымында WTA рейтингінің 21-ші сатысында тұрған америкалық Джессика Пегуладан 3:6, 4:6 есебімен жеңіліп қалды. 1 сағат 22 минутқа созылған матчта 22 жастағы Рыбакина бес эйс орындап, допты ойынға қосу кезінде екі рет қателесіп, бір брейк-пойнтты сәтті орындады. Бұл спортшылардың алғашқы кездесуі болды. Miami Open жарысының төртінші айналымында Пегула украиналық Ангелина Калининамен сынға түседі.

Александр Бублик (АТР рейтингінде 33-орын) Майамиде (АҚШ) өтіп жатқан турнирдің үшінші айналымынан әрі аса алмады. Ол норвегиялық Каспер Руудпен (АТР рейтингінде 8-ші) кездесіп, одан екі сетте де ұтылды. Қорытынды есеп 3:6, 2:6. Бұған дейін турнирде Бублик колумбиялық теннисші Даниэль-Элай Галанды (118-орын) 6:7, 6:3, 6:4 есебімен ұтқан болатын. Майамиде ерлер арасында өтіп жатқан жарыстың да жүлде қоры 8 584 055 долларды құрайды. Александр Бублик үшінші айналымға өткені үшін 54 400 доллар және 45 рейтингтік ұпай жинады.

Осылайша Miami Open қазақстандық теннисшілерсіз жалғасуда. Жарыс чемпиондары осы аптаның соңында анықталады.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу