Мигель Анхель Лопес қызыл жейдені қайта киді

1992

"Испания Вуэльтасы" бірнеше қыратты кезеңнен соң, таулы аймаққа келді. 5-кезең 170 шақырымға созылып, Хаваламбре астрофизикалық абсерваториясында мәреге жетті. Мигель Анхел Лопес жарыстың аяқталуына 3 шақырым қалған шабуылға шығып, бәсекелестерін басып озды.

Мигель Анхель Лопес қызыл жейдені қайта киді

"Астана" капитаны мәре жеңімпаздарынан кейін 47 секунд кешігіп жетіп, 4-орынды иемденді. Дегенмен ол өзінің тікелей бәсекелестерінен біршама секунд озып кетті. Кезең қорытындысы бойынша ол қызыл жейдені өзіне қайтарды.

- Соңғы белес өте ауыр болды. Дегенмен менің әріптестерім маған ғаламат қолдау көрсетті. Себебі, бірнеше команда қатарынан қарқынға қарқын қосты. Менің де аяқтарымда біршама күш болса керек, тоқтамадым. Соңғы метрлерде қарсыластарыма қарағанда күштірек болдым да, барымды салып біршама секундтар жеңіп кеттім. Мен өзімнің қазіргі бабыма дән ризамын. Сондай-ақ қызыл жейдені қайта кигеніме де қуаныштымын. Команда керемет жұмыс істеді, - деді Мигель Анхель Лопес.

Эль Эльянда басталған 5-кезең бірден алға озып шығушылардан басталды. Олар бір кезде пелетоннан 11 минутқа дейін озды. Түбі сол басымдықты бермей, үшеуі жарыстың алғашқы үш жүлделі орнын бөлісіп алды. Кезең жеңімпазы испаниялық - Анхел Мадрасо.

"Астана" капитаны Мигель Анхел Лопес үнемі өз командаластарының қасында болды. Ал таулы аймаққа 2.6  шақырым қалғанда шабуылға шығып еді, қарсыластардың ешқайсысы оны қолдай алмады. Ал мәреде Мигель Анхель 12 секунд уақыт жеңіп, Алехандро Вальверде мен Примож Роглитен біршама секундтар ұтты. Осы жеңістің арқасында ол "Испания Вуэльтасы" додасының қызыл жейдесін киді. Енді ол Рогличтен 14 секунд, Наиро Кинтанадан 23 секунд озып тұр.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу