Михаил Кукушкин Astana Open турнирінде Бенуа Перді тізе бүктірді

1029

ATP 250 Astana Open  турнирінің 1/8 финалында қазақстандық теннисші әлемнің 24-ракеткасы Бенуа Пермен кездесті.  

 Михаил Кукушкин Astana Open турнирінде Бенуа Перді тізе бүктірді

Қазақстан теннисшісі  Михаил Кукушкин ATP 250 Astana Open  турнирінің 1/8 финалында  әлемнің 24-ракеткасы Бенуа Пермен кездесті. Француз турнирдің бірінші нөмірі, сондықтан бұл ойын оның турнирдегі алғашқы кездесуі болатын. Ал Кукушкин бір күн бұрын тартысты өткен кездесуде аргентиналық Федерико Дельбонистан айласын асырған еді, - деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясы.
Бірінші сетте қос теннисшінің шамасы бірдей болды. Михаил Кукушкиннің тек бірінші сет сәтсіз болды демесең, қалған допты ойынға қосу кездерінде геймді өз пайдасына оңай шешті. Діттегенге дөп тиіп жатқан добы қарсыласын әбден састырды. Бенуа Пердің-ге ойынға қосуы да ойдағыдай болған жоқ. Ал сегізінші геймде қатарынан үш қателік жасап, Оны өз пайдасына шешкен Кукушкин көптен күткен қайтарма брейкті алды. Тең дәрежеде өткен сет тай-брейкпен аяқталды. 1:5 есебімен жеңіліп тұрған жерлесіміз таразы басын теңестірді, бірақ Перу допты бірінші ойынға қосуда жолы болып, сетті өз пайдасына аяқтады.

Төртінші жарыс күнінің өзге ойындары:

Ұлттық теннис орталығының орталық кортында іріктеу арқылы өткен Эмиль Руусувуори (Финляндия) мен Джордан Томпсон (Аустралия) ширек финал жолдамасына таласты. Томпсон бірінші сетті сәтсіз бастады. Нәтижесінде үлкен есеп айырмашылығымен партия 21 жастағы фин спортшысының пайдасына шешілді.

Екінші сетте Томпсон ойын тізгінін өз қолына алғандай болған, ол қарсы келген барлық соққыларды қайтаруға тырысты. Ал Руусувуори оңай шағылатын жаңғақ емес. Ұзаққа созылған ойындарда көп жағдайда Томпсонның жолы болды.
¼ финалы жолдамасы кімге бұйыратындығы үшінші сетте белгілі болды. Томпсон қысым көрсетуді алғашқы брейктен үдете түсті, бірақ Руусувуори партия ортасында брейкті өз пайдасына жазып, таразы басын теңестіріп кетті. Матч соңына қарай  фин екінші мүмкіндікте матчболды жүзеге асырып, 6:2, 3:6, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Іріктеуден өткен тағы бір теннисші Юити Сугита 1/8 финалда 2016 жылғы Australian Open турнирінің жартылай финалисі Адриан Маннариномен шеберлік байқасты. Жапон теннисшісі 116 және іріктеу кездесуінде көрсеткен шеберлігін пайдалана алмай кездесу басталған сәттен ойынға қосыла алмады.  Бірінші сетте Сугита допты ойынға қосу сәттерінде қателікке бой алдырды, ал Маннарино өз кезегінде қарсыласының қателіктерін игілігіне пайдаланып кетті.

Екінші партияда ештеңе өзгерген жоқ. Әлемнің 39-ракеткасы геймдерді өз пайдасына жазып, сенімді ойнады. Айқын басымдықпен жеңіске жеткен француз спортшысы ширекфинал жолдамасын қоржынға салды.  Есеп: 6:1, 6:1.
Кеше ғана қазақстандық Александр Бубликті тізе бүктірген АҚШ теннисшісі Макдоналд ширек финалға шығу үшін 36 жастағы тәжірибелі спортшы, италиялық Андреас Сеппимен ойнады. Қарсыласы алғашқы геймнен басымдық танытып, есеп айырмасында үстем болды. Макдоналд қорғаныста жатып алмай, қарсы соққылармен жауап беруге тырысты, бірақ оның доптары көп жағдайда алаң сыртынан табылды. Бірінші партия Сеппидің пайдасында.

Маккензи Макдоналд екінші сетте ойын өрнегін өзгерткендей болды. Допты ойынға қосуы да сәтті шықты.  Сеппи болса керісінше сылбыр ойнады. Бұл паритяда америкалық теннисші жеңіске жетті.

Теннисшілер үшінші сеттің ортасына дейін брейктермен алмасқан. Макдоналд белсенді көрінді, әр соққысы діттегенге жетіп, жетінші геймде қарсыласын қапы қалдырды. Тізгінді беріп қойған Сеппи қателікке жиі бой алдыра бастады. Матч соңы толықтай АҚШ спортшысының есебіне жазылды: 3:6, 6:3, 6:3.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу