Михаил Кукушкин Аустралиядағы жарысты жеңіспен бастады

633

Қазақстандық Михаил Кукушкин Брисбен (Аустралия) ATP 250 турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Михаил Кукушкин Аустралиядағы жарысты жеңіспен бастады Фото: КТФ

Отандасымыз дүниежүзілік рейтингіде 204-орында тұрған италиялық Андреа Колларинимен шеберлік байқасты.

Бірінші партияны Кукушкин екі брейкпен тәмамдады – 6:2.

Екінші сетте де Михаил өз мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:4.

Сағат жарымнан астам уақытқа созылған матчта Кукушкин 3 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Колларини 2 эйс, 1 брейкпен (7 брейк-пойнт) шектелді.

Қазақстандық спортшы іріктеу сайыстарының финалында рейтингіде 168-сатыдағы Аустралия өкілі Тристан Скулкейтпен кездеседі. Оны жеңсе, негізгі жарысқа жолдама алады.

Т.Скулкейт отандасы, әлемнің 82-ракеткасы Джеймс Даквортты жолдан тайдырды – 6:4, 6:4.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу