Михаил Кукушкин Индиан-Уэллс турнирінде іріктеудің финалына шықты

301

BNP Paribas Open 2025, яғни Индиан-Уэллс турнирі, 2025 жылдың 6-17 наурызы аралығында АҚШ-тың Калифорния штатындағы Индиан-Уэллс қаласында өтеді.

Михаил Кукушкин Индиан-Уэллс турнирінде іріктеудің финалына шықты Фото: olympic.kz

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан ATP 1000 турнирінде іріктеудің финалына шықты. Іріктеудің жартылай финалында Михаил ұйымдастырушылардан Wild Card алған француз Тео Папамаламисті 6:4, 6:7, 7:5 есебімен ұтты. Жарыстың негізгі кезеңінде ойнау үшін Кукушкин италиялық Джулио Зеппиериді жеңуі тиіс. Кездесу 5 наурыз Қазақстан уақытымен 00:30-да басталады. 

Айта кетейік, Индиан-Уэллстегі турнир теннис әлеміндегі ең беделді турнирлердің бірі және ерлер арасында ATP Masters 1000, ал әйелдер арасында WTA 1000 санатына жатады.

2025 жылы турнирдің жалпы жүлде қоры $19 387 080 құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7,76%-ға көп. 2012 жылдан бастап ерлер мен әйелдердің жүлде қоры теңестірілген. Осылайша, ерлер және әйелдер турнирлерінің әрқайсысына $9 693 540 бөлінеді.

Жекелей сында жүлде қоры келесідей бөлінеді:

  • Чемпион: $1 100 000
  • Финалист: $585 000
  • Жартылай финалист: $325 000
  • Ширек финалист: $185 000
  • 4-ші айналым: $101 000
  • 3-ші айналым: $59 100
  • 2-ші айналым: $42 000
  • 1-ші айналым: $30 050

Бұл турнир әлемнің ең үздік теннисшілерінің басын қосады. Биыл ерлер жарысына 96 ойыншы және 32 жұп қатысса, әйелдер жарысында 128 ойыншы мен 32 жұп бәсекеге түседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу