Михаил Ломтадзе АҚШ-та өткен ірі технологиялық конференцияға қатысты

8403

Михаил Ломтадзе Сан-Францискода (АҚШ) өткен Morgan Stanley Technology, Media and Telecom 2023 конференциясында Қазақстандағы инновациялардың дамуы, реформалар және Kaspi.kz-тің бірегей тәжірибесі туралы айтты. 

Михаил Ломтадзе АҚШ-та өткен ірі технологиялық конференцияға қатысты Фото: Kaspi.kz

Morgan Stanley Technology, Media and Telecom 2023 конференциясы 30 жылдан аса уақыт бойы өткізіліп келеді. Жыл сайын бүкіл әлемдегі жетекші технологиялық компаниялар мен инвесторлар үшін ол басты оқиға саналады. Конференцияда сондай-ақ Илон Маск пен Google, Microsoft, PayPal және әлемдегі басқа да жетекші компаниялардың басшылары сөз сөйледі.

Kaspi.kz-тің басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе:

"Конференцияда біз, ең алдымен, Қазақстан, инновациялардың қарқынды дамуы және біздің сүйікті клиенттеріміздің өмірін қалай жақсартып жатқанымыз жайлы айтып өттік. Бүгінгі таңда Қазақстан көптеген елдер үшін бірегей технологиялық сервистердің даму жолында үлгі бола алатынын зор сеніммен айта аламыз. Біз көптеген компанияның: "Біз де Kaspi.kz сияқты болғымыз келеді", - дегенін өз құлағымызбен естіп жүрміз. Бізбен бірге болғаны үшін барлық сүйікті клиенттеріміз бен серіктестерімізге мың алғыс. Біз сіздермен бірге Қазақстандағы өмір сүру деңгейін жақсарта түсеміз және елімізді инновациялардың әлемдік аренасына шығаруды жалғастыра бермекпіз!".

Конференция өтіп жатқан уақытта Михаил жетекші американлық және халықаралық инвесторлармен жеке кездесулер өткізді.

"Бұл жеке кездесулерде біз инвесторларға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ашық жұмыс жасау ережелеріне және инновацияларға негізделген нарықтық экономика құру мақсатында өткізіп жатқан реформалары туралы айтып өттік. Көптеген инвесторлар Қазақстанға инвестиция құю мәселесін қарастыруға дайын және тұрақты заңнамаға және халықаралық инвестицияларды тарту үшін инвестициялық ахуалды жақсарта алатын реформаларға аса көңіл аударып отыр", - деп қосты Михаил Ломтадзе.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу