Еркін бағдарлама сайыстары 29 наурыздан 30 наурызға қараған түні өтеді. Аталмыш бағдарламаның нәтижесі бойынша әлем чемпионатының жүлдегерлері анықталады.
Бұған дейін әлем чемпионатында Софья Самоделкина да өнер көрсеткен болатын. Қазақстандық спортшы 13-ші нәтиже көрсетіп, еркін бағдарламаға жолдама алды.
Бостондағы әлем чемпионатында 2026 жылғы Олимпиада ойындарына квоталар сарапқа салынуда. Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатында қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша 2026 жылғы Олимпиада ойындарына қатысуға жолдама алды. Италиядағы Олимпиадаға жолдамалар әр елдің спортшыларының нәтижелері бойынша бөлінеді.
20 жастағы Михаил Шайдоров үшін бұл мансабындағы төртінші әлем чемпионаты. Бұған дейінгі алматылық спортшының үздік нәтижесі – 14-орын. Дегенмен, ол 2022 жылы жасөспірімдер арасында әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алған.
Осы маусымда Михаил Шайдоров беделді Төрт құрлық турнирінде жеңіске жетіп, 2025 жылғы Азия ойындарында қола медаль иеленгенін де айта кетейік.