Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоров Прагада өтетін мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатына алдын ала берілген тізімге енбеді.
Чехия астанасында әлем чемпионаты 24-29 наурыз аралығында өтеді деп жоспарланған. Ерлер арасындағы жекелей сында 36 спортшы тіркелсе, Қазақстан атынан тек Диас Жиренбаев қатысады.
21 жастағы Михаил Шайдоров Миланда өткен Олимпиадада ерлер арасындағы жекелей сында 291,58 ұпай жинап, сенсациялық түрде чемпион атанған еді. Бұл Қазақстанның 1994 жылдан бергі қысқы Олимпиададағы алғашқы алтын жүлдесі болды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу