Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды

265

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтіп жатқан 2026/27 маусымдағы Гран-при сериясының үшінші кезеңінде еркін бағдарламада өнер көрсетті.

Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды Фото: olympic.kz

Олимпиада чемпионы бұл бағдарламада 168,62 ұпай еншіледі. Екі бағдарламаның қорытындысы бойынша 263,49 ұпайға ие болып, жалпы есепте бесінші орынға тұрақтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жапониялық Као Миура жарыста жеңіске жетті. Ол 293,25 ұпай жинады. Екінші орынды бейтарап мәртебеде өнер көрсететін Владислав Дикиджи (282,44) иеленді. Үздік үштікті тағы бір ресейлік спортшы Евгений Семененко түйіндеді. Оның еншісінде 281,62 ұпай бар. Ол да бейтарап ту астында сынға түсті.

Айта кетейік, бұл Михаил Шайдоров үшін биылғы Гран-при сериясындағы екінші жарыс болды. Бұған дейін отандасымыз Франциядағы кезеңде өнер көрсеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу