Михаил Шайдоров пен Софья Самоделкина әлем чемпионатында өнер көрсетеді

310

25-30 наурыз аралығында АҚШ-тың Бостон қаласында мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты өтеді.

Михаил Шайдоров пен Софья Самоделкина әлем чемпионатында өнер көрсетеді Фото: sport-pulse.kz

Жарыстар мәнерлеп сырғанау турнирлерін өткізетін "TD Garden" аренасында ұйымдастырылады. Чемпионат аясында төрт бағдарлама бойынша медальдар сарапқа салынады: ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей сырғанау, спорттық жұптар және мұздағы би.

Халықаралық конькишілер одағының (ISU) мәліметінше, бұл турнирде Қазақстан атынан Михаил Шайдоров пен Софья Самоделкина жекелей сырғанауда өнер көрсетеді.

Жарыс кестесі (Қазақстан уақытымен):

26 наурыз, сәрсенбі:

21:05 – Әйелдер, қысқа бағдарлама

27 наурыз, бейсенбі:

04:45 – Спорттық жұптар, қысқа бағдарлама

21:05 – Ерлер, қысқа бағдарлама

28 наурыз, жұма:

04:15 – Спорттық жұптар, еркін бағдарлама

21:20 – Мұздағы би, ырғақты би

29 наурыз, сенбі:

04:00 – Әйелдер, еркін бағдарлама

23:30 – Мұздағы би, еркін би

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу