Михаил Шайдоров пен Софья Самоделкинаға пәтер берілді

275

Михаил Шайдоров пен Софья Самоделкина баспананы Астанадан, ал олардың бапкерлері Алматыдан алады.

Михаил Шайдоров пен Софья Самоделкинаға пәтер берілді Фото: Астана қаласының әкімдігі

2026 жылғы Милан-Кортина қысқы Олимпиадасынан оралған олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров пен мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкинаны Астанада салтанатты түрде қарсы алды. Әуежайға жиналған қауым арасында журналистер, Туризм және спорт министрлігі мен Ұлттық олимпиадалық комитет өкілдері, жанкүйерлер болды. Шайдоров ел туын ұстап, мойнына алтын медаль тағып шықты.

Қазақстан конькимен мәнерлеп сырғанау одағының атынан, демеуші Saltanat Diamond Gallery зергерлік үйінің қолдауымен спортшылар мен бапкерлерге пәтер сертификаттары табысталды.

Салтанатты шарада ҰОК президенті Геннадий Головкин құттықтау сөз сөйледі.

Михаил Шайдоров пен оның бапкері Алексей Урмановқа үш бөлмелі, Софья Самоделкина мен бас бапкер Әсем Касановаға бір бөлмелі пәтер сертификаттары табысталды.

Естеріңізге сала кетейік, Михаил Шайдоров 2026 жылғы Олимпиадада мәнерлеп сырғанаудан алтын медаль жеңіп алып, 32 жылдан кейін Қазақстан Әнұранын Олимпиада төрінде шырқатты. Бұған дейін ол "Барыс" орденінің II дәрежесімен марапатталған.

Софья Самоделкина Олимпиадада үздік ондыққа еніп, жоғары нәтиже көрсетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу