Михаил Шайдоров Skate America жарысында үшінші нәтиже көрсетті

88

АҚШ-та Гран-при жарыстарының бесінші кезеңі өтуде. 

Михаил Шайдоров Skate America жарысында үшінші нәтиже көрсетті

Бүгін, 15 қараша күні таңертең 2025 жылғы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Михаил Шайдоров 2025/2026 маусымындағы мәнерлеп сырғанаудан Гран-придің бесінші кезеңі — Skate America жарысында жекелей сында өнер көрсетті.

Жарыстар Лейк-Плэсид қаласында өтті. Бұған дейін ол Чунцинде өткен кезеңде үшінші орын алып, қазіргі Skate America 2025 додасына қатысып жатқан Даниэль Грасслге жол берген болатын.

Финалға өту үшін Шайдоровқа қателіксіз сырғанап, мүмкіндігінше жоғары орынға ие болу қажет еді. Алайда Михаил бұл кезеңде тек үшінші орынмен шектелді. 2025/26 маусымындағы Гран-приде барлығы алты кезең өтеді. Әрбір жарыста спортшылар жалпы есепке қажет ұпай жинайды: 1-орын – 15 ұпай, 2-орын – 13 ұпай, 3-орын – 11 ұпай

Маусым соңында осы ұпайлар бойынша ең көп ұпай жинаған алты спортшы финалға өтеді. Бұл финал 2026 жылы Милан мен Кортина-д’Ампеццода өтетін Олимпиада ойындары алдындағы шешуші жарыс болып саналады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу