Мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров балалар күніне орай Алматы қаласындағы №3 кешенді балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне барып, оқушыларға сыйлық жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Бүгін Алматы қаласындағы №3 кешенді балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне барып, мәнерлеп сырғанаумен айналысатын балалармен кездесіп, балаларды қорғау күніне орай кішігірім сыйлық – спорт құрал-жабдықтарын алуға сертификат сыйладым. Балаларды қуанта алғаным үшін ризамын! Біздің бірегей спорттағы балаларды әлі де көбірек қолдау үшін тырысамын, алға ұмтыламын", – деп жазды ол желідегі парақшасында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу