Михаил Шайдоров төрт құрлық чемпионатында қысқа бағдарламада көш бастады

398

Қазақстан құрамасы Азия ойындарына қатысқан құраммен Оңтүстік Кореядағы жарыста сынға түсуде.  

Михаил Шайдоров төрт құрлық чемпионатында қысқа бағдарламада көш бастады Фото: kazsports.kz

Михаил Шайдоров Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында өтіп жатқан төрт құрлық чемпионатында уақытша бірінші орынға көтерілді. Қазақстандық спортшы қысқа бағдарламада сәтті өнер көрсетіп, 94.73 ұпай жинады. 22 ақпанда еркін бағдарламада өтеді. Жарыс жеңімпаздары қос сайыстың қорытындысы бойынша анықталады.

Айта кетейік, Михаил Шайдоров 2024 жылғы Қытайдағы Гран-при кезеңінің күміс жүлдегері, 2025 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері және Қазақстанның бес дүркін чемпионы (2020–2024 жылдар).

Михаил спорттық мансабын 2010 жылы бастады, оның алғашқы бапкері – әкесі Станислав Шайдоров. Ол Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы.

2022 жылы Михаил жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында медаль жеңіп алған алғашқы қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы атанды. Ол бұл жарыста күміс жүлдеге ие болды.

Сондай-ақ қазақстандық спортшылардан Бойсангур Датиев пен Гаухар Наурызова мәнерлеп сырғанаудан Сеулде (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан төрт құрлық чемпионатында өнер көрсетуде. Бүгін, мұздағы би жарысында Датиев пен Наурызова ырғақты биді орындады. Төрешілердің шешімімен 49,40 ұпай жинап, аралық 13-орынға жайғасты.

Аталған спортшылардан бөлек бүгін жарыс жолына Софья Самоделкина мен София Фарафонова да шығады.

Спортшыларымыз енді 22 ақпанда еркін бағдарлама бойынша сынға түседі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу