Михаил Шайдоровтың әлем чемпионатына неліктен қатыспайтыны белгілі болды

419

Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров алдағы мәнерлеп сырғанаудан өтетін әлем чемпионатына қатыспайды. 

Михаил Шайдоровтың әлем чемпионатына неліктен қатыспайтыны белгілі болды Фото: Сали Сабиров

24-29 наурыз аралығында Прага қаласында өтетін дүбірлі додаға арналған Халықаралық конькишілер одағы жариялаған ресми тізімде спортшының есімі болмаған.

Бұл жаңалық жанкүйерлер арасында қызу талқыланды. Ұлттық құраманың бас бапкері Әсем Касанова шешімнің себебін түсіндіріп, спортшыға демалыс қажет екенін айтты.

"Михаил әлем чемпионатына бармайды. Себебі оған демалыс керек. Өткен маусым өте қарқынды өтті, әсіресе екінші жартысы ауыр болды. Қаңтарда Универсиада, ақпанда қысқы Азия ойындары, артынша Төрт құрлық чемпионаты, одан кейін әлем чемпионаты өтті. Өтпелі кезеңде де тынығуға мүмкіндік болған жоқ. Олимпиадалық маусымға жаңа бағдарламалар дайындалып, оқу-жаттығу жиындары өтті. Кейін жарыстар легі жалғасты: Denis Ten Memorial, Гран-при кезеңдері, финал, құрлықтық чемпионат және Олимпиада ойындары. 1 жылдың ішінде 10 ірі додаға қатысты", – деді Касанова Tengri Sport-қа берген сұхбатында.

Сондай-ақ, 5 сәуір күні Алматы қаласында өтетін "Олимпиада-2026 жұлдыздары" мұзды шоуында да Шайдоров өнер көрсетпейді.

Ал әлем чемпионатында Қазақстан намысын Диас Жиренбаев пен Софья Самоделкина қорғайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу