Михайлис әлем чемпионатына қатысатын ойыншылар тізімін жариялады

1373

Латвияда элиталық дивизионда өтетін әлем чемпионатына баратын хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылары белгілі болды.

Михайлис әлем чемпионатына қатысатын ойыншылар тізімін жариялады

Юрий Михайлистің бапкерлік штабы Ригада өтетін әлемдік турнирдің плей-офф кезеңіне шығуға тырысатын 28 ойыншыны таңдады. Ұлттық құрама Латвияға 10-мамырда келеді. Ал 13-15 мамыр күндері Беларуссия құрамасымен кездесу өткізеді. Алғашқы ресми матч 22 мамырда турнир қожайындарына қарсы өтеді.

Айта кетейік, Латвиядан басқа, қазақстандықтар Финляндиямен (23-мамыр), АҚШ (25-мамыр), Германиямен (26-мамыр), Канада (28-мамыр), Италия (29-мамыр) және Норвегиямен (31-мамыр) кездеседі. Ширек финалға шығу үшін топтың үздік төрттігіне кіру керек.

Маусымның басым бөлігі  "Барысқа" Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңіне өту үшін көмектесе алмаған тәжірибелі қорғаушы Леонид Метальников ұлттық құрамамен Латвияға бара алмайтын болды. Осыған байланысты ұлттық құраманың бас бапкері Юрий Михайлис өз пікірін білдірді.

"Ұлттық құрамаға шақырту алғандардың барлығы халықаралық аренада Қазақстанның намысын қорғауға лайықты. Біз бәрін бақылап, үміткерлерді соңғы күнге дейін анықтадық. Таңдау оңай болған жоқ. Біріншіден, керемет жұмыс атқарған жігіттерге алғыс айтқым келеді. Ал тізімге кірмегендерге біз болашақта үміт артатын боламыз.

Олар Дмитрий Гренц, Дмитрий Степанов, Әділ Бекетаев, Александр Писарев, Мадияр Ибрайбеков, Михаил Рахманов, Максим Мусоров, Леонид Метальников, Демид Еремеев. Болашақта оларды Қазақстан құрамасына шақыртуды жоспарлап отырмыз.

Леонид Метальников жарақатынан жазылып, Ригада бізге көмектесе алады деп соңына дейін күттік. Бірақ екі жақты матчтан кейін ол өзі келіп, жүз пайыз ойнауға дайын емес екенін айтты. Ол жарақатынан әлі толық айыққан жоқ. Менің ойымша, бұл нағыз ер азаматқа сай әрекет болды. Біз басқа қорғаушыға ойнауға мүмкіндік бердік", - деді Юрий Михайлис.

Хоккейден Әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан ұлтық құрамасының ойыншылар тізімі:

Қақпашылар: Хенрик Карлссон, Андрей Шутов, Никита Бояркин.

Қорғаушылар: Даррен Диц, Алексей Маклюков, Иван Степаненко, Джесси Блэкер, Виктор Сведберг, Егор Шалапов, Самат Данияр, Валерий Орехов, Кирилл Полохов.

Шабуылшылар: Роман Старченко, Евгений Рымарев, Антон Сагадеев, Павел Акользин, Александр Шин, Саян Данияр, Әлихан Әсетов, Дмитрий Шевченко, Никита Михайлис, Кирилл Панюков, Дмитрий Гурков, Кертис Волк, Кирилл Савицкий, Аркадий Шестаков, Артем Лихотников, Егор Петухов.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу