– Өткен жолы Қазақстан құрамасы Бельгиядан ірі есеппен жеңілген еді. Ал бұл жолғы ойынға көңіліңіз тола ма?
– Мен жеңіліспен аяқталған ойынға ешқашан көңілім толған емес. Дегенмен футболшыларым тапсырманы орындағысы келді. Алаңда жандарын аямай өнер көрсетті. Мен сол үшін оларға алғыс айтқым келеді. Бельгия Әлемнің үздік командасы екенін ұмытпауымыз қажет.
– Азар, Мертенс секілді бельгиялық ойыншылардың деңгейі қазақ футболшыларына қарағанда анағұрлым жоғары. Біздің ойыншылардың да деңгейі өсуі үшін не істеу керек?
– Ең алдымен, қазақстанның ойыншылары шетелдің біріншіліктерінде ойнауға тиіс. Мысалы, Ресей чемпионатына барып ойнауға болады. Сосын қазақ командалары Еурокубокте көбірек ойнаса. Сонда деңгей көтеріледі, тәжірибие де жинақтайды.
– Ойыннан соң Бельгия қорғаушысы Томас Менье Исламхан Қазақстан премьер-лигасында ойнайды дегенге сенбейтінін айтты. Ол футболшының деңгейі Еуропа біріншіліктерінде ойнауға жетеді дегенді айтты. Сіз қалай ойлайсыз?
– Иә, Исламхан біздің құраманың маңызды футболшысы. Қазақстандағы ең үздік ойыншы. Ол бүгін шабуылшының қызметін де атқарды. Мен оның Еуропаның Топ лигаларының бірінді ойнағанын қалаймын.
Ермұхамед Мәулен