Михал Билек қызметінен кетті

1810

Михал Билек маусымға арналған жоспарды толықтай орындай алмады.

Михал Билек қызметінен кетті

Клуб басшылығы бас бапкер Михал Билекпен келісім-шартты бұзғанын мәлімдеді. Бұл туралы "Астананың" ресми сайты хабарлады.

"Астана" футбол клубы чехиялық маманға оның жұмысы үшін алғыс айтып, алдағы мансабына, соның ішінде Қазақстан ұлттық құрамасындағы жұмысына табыс тіледі.

Бас бапкердің міндетін енді "Питерборо" (Англия), "Вентспилс", "Рига", "Сконто" (барлығы -Латвия), "Ростов" (Ресей), "Саншайнз" (Нигерия) клубтарында бапкерлік қызмет атқарған, тәжірибесі мол маман Пол Эшуорт атқарады. Эшуорттың "PRO" санатындағы бапкерлік категориясы бар. Оның басшылығында командалар УЕФА турнирлері аясында 30-ға жуық ойын өткізген.

55-жасар Билек "Астанаға" бапкерлік қызметке қаңтар айында украиналық Роман  Григорчуктың орнына келген болатын. Сондай-ақ чехиялық маман Қазақстан Ұлттық құрамасын да жаттықтырады. Оның жетекшілігімен Ұлттық құрама Еуро-2020 додасына іріктеу ойындарында өз тобында 5-орын иеленсе, "Астана" Қазақстан Суперкубогін жеңіп алды.

Естеріңізге сал кетсек, 18-тамыз күні "Астана" Белоруссияда "Динамо-Брест" командасына 6:3 есебімен ұтылып, Чемпиондар Лигасынан шығып қалды. Ал, 21-тамыз күні "Астана" клубының жетекшілері бас бапкер Михал Билектің маусымға арналған жоспарды орындай алмағаны туралы және оның клубтан кететіні туралы мәлімдеген. Бірақ бұл шешім жарты сағаттан кейін қайта өзгеріп, клуб басшылары Михал Билекке тағы бір мүмкіндік берген. Осыдан кейін 22 тамыз күні "Астана" көкшетаулық "Оқжетпеспен" кездесіп, 2:0 есебімен жеңіске жеткен. Бірақ, кеше өткен ойында "Астана" "Тобылға" ұтылып қалды. Ал, бүгін клуб басшылығы Билектің қызметінен кететінін ресми хабарлады.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу